È

«Миымды ашытпаңыздаршы!» фильмінің көрсетілімінен фоторепортаж

«Миымды ашытпаңыздаршы!» фильмінің көрсетілімінен фоторепортаж

Айналымға режиссер Джами Бейсеновтің «Миымды ашытпаңыздаршы!» комедиялық таспасы шықты. Фильмнің шығарылымын қолдауға фильмді түсірушілер, танымал әріптестері және журналистер келді.

Комедияның сюжеті бойынша Жанель есімді қыз каскадерші болып жұмыс істейді. Бір күні оған сәтсіздікке тап болып, түрмеге түскен әкесін құтқару үшін Шри-Ланкаға баруға тура келеді. Бойжеткенге көмекке жергілікті тук-тук жүргізушісі және досы келеді. Жанель әкесін шетелдің қатал заңынан құтқара ала ма, оны фильмнен көре аласыздар.

Кинотаспадағы басты рөлдерді Жібек Жаппасбаева, Джами Бейсенов, Фархат Кұлбаев, Төлепберген Байсақалов ойнайды. Сондай-ақ, рөлдерді Ерден Телемісов, Нияз Шайсұлтанов сомдайды .

Бұдан бұрын «Миымды ашытпаңыздаршы!» фильмінің түсірілімінен көріністер ұсынған болатынбыз. Енді, сіздердің назарларыңызға осы көктемнің жарқын комедиясының көрсетілімінен көріністерді ұсынамыз!

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер