«Ninety One» фильмінің тұсаукесерінен фоторепортаж
24 тамыз күні Kinoplexx Sary Arka 3D кинотеатры отандық режиссер Асқар Ұзабаевтың «Ninety One» тобының өмірбаянына құрылған жаңа туындысының тұсауын кесті. Картинадағы басты рөлдерді бойз-бэнд мүшелері: Азамат Зенкаев, Батырxан Мәліков, Азамат Ашмақын, Дулат Мұхаметқалиев, Данияр Құлымшин сомдады. Жобаның продюсерлері Асқар Ұзабаев, Ерболат Беделхан және Әсел Сәдуақасова болды.
Картина «Ninety One» тобының құрылуын, топ мүшелерінің сырт бейнесінің өзгешелігі үшін қандай сындарға ұшырағандарын баяндайды. Жігіттер қазақстандық аудиторияның жағымсыз пікірлеріне қарамастан, барлығына қарсы тұрып, өздерінің дарынын дәлелдей білді. Айта кету керек, музыканттар әлемнің 120-дан астам еліне танымал болып үлгерді.
Кинотаспаның тұсаукесеріне журналистер, вайнерлер, актерлар мен блогерлер, сондай-ақ шығармашылық интеллигенция өкілдерін арнайы келді. Қонақтар көрсетілімнен ерекше әсер алғандарын жеткізді.
Картинаны кез-келген адам тамашалай алады. «Ninety One» фильмі кең айналымға 24 тамыз күні шықты. Билеттерді афишадан қарап, алуға болады.
Суреттерді ұсынған сайт серіктесі- Paparazzi club
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін