È

«Екі адамдық мақала» фильмінің тұсаукесерінен фоторепортаж

«Екі адамдық мақала» фильмінің тұсаукесерінен фоторепортаж

Алматыда «Екі адамдық мақала» фильмінің тұсаукесерлі көрсетілімі өтті. Картина режиссері - Дархан Сәркенов, бас продюсері – Дастан Сейітов.

Таспа сюжеті Абай есімді журналистің аясында өрбиді, оған бас редактор қызықты материал жазуды бұйырады. Өкініштісі сол, жас жігіт жақсы мақала жаза алмай жүреді. Кейін кезінде құрметті репортер болған атасының жұмыстарын қарай бастайды. Содан Абай бір қауіпті істің жазбаларын тауып алады. Енді жігіт шындыққа көз жеткізіп, сапалы репортаж жасауды ұйғарады. Бірақ, мәселе мынада: бұл іске тағы бір журналист кірісіп кеткен еді.

Рөлдерді Рысқұл Қонақбаев, Малика Елхан, Фуркат Фазиев, Рустам Сафаров, Әли Гусейнов, Еркен Губашев және Фархат Әбдіраимов сомдады.

«Екі адамдық мақала» комедиясын авторлар екі жыл бұрын түсірген. Бірақ, техникалық жағдайларға байланысты олар картинаны енді ғана жарыққа шығарды.

Фильммен қоюшы-оператор Шерхан Таңсықбаев, қоюшы-суретші Бағдат Қожахметов және композитор Никита Карев айналысты. Сценарий авторлары - Дархан Сәркенов, Рысқұл Қонақбаев және Дастан Сейітов.

«Екі адамдық мақала» комедиясы тұсаукесерінің қалай өткенін фоторепортаждан тамашалаңыздар.

 

 

Фото: Kinopark Theaters

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер