È

«Q-елі» хикаясының төртінші маусымы түсірілімінен фоторепортаж

«Q-елі» хикаясының төртінші маусымы түсірілімінен фоторепортаж

Биылғы жылдың басында «Жетінші арна» эфирінен «Q-елі» хикаясының төртінші маусымы көрсетілген болатын. Скетчкомның көрермендер арасында танымал болғандығы соншалық, қазақстандықтар жаңа маусымын асыға күтіп жүр.

Скетчкомдағы әрбір оқиға күнделікті күйбеңіміздің көрінісі, ал қазақтардың әдеттері мен қылықтары әжуаланып көрсетілген. Бұл маусымда басты рөлдерді Мейрамхан Шалқыбеков, Ернар Қырықбаев, Жанар Айжанова, Шынар Жанысбекова, Ақболат Өтебаев, Мәдина Оспан, Анар Батырхан, Қанат Әлжапбаров, Дастан Қалдыбаев, Дариға Бадықова және Қуандық Шәкіржанов сомдады.

Хикаяның қоюшы-режиссерлары - Алмат Есім, Рақымжан Қалдыкөз, Асар Әбілқайыров. Қоюшы-операторы - Күнболат Жусанбеков. Креативті продюсерлері – Дархан Тастанов, Қуат Садықов, ал бас продюсері – Мақсат Мамраимов.

Сіздер, көрермендер, жаңа бөлімді күтіп жүріп, «Q-елі» төртінші маусымының қалай түсірілгенін тамашалай отырыңыздар.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса