È

«Анамның сыйлаған қанаттары» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

«Анамның сыйлаған қанаттары» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

14 қыркүйек күні еліміздің барлық кинотеатрларынан Қажымұқан Қалымбетовтың «Анамның сыйлаған қанаттары» фильмі көрсетіле бастады. Картина айналым кезінде жақсы көрсеткіштерге ие болып, көрермендердің ықыласына бөленіп үлгерді. Жобаның идеясын ойлап тапқан Дастан Сейітов болатын.

Фильм сюжеті терең мағынаны беретін қайғылы оқиғаны баяндайды. Картинаның басты кейіпкері – Әмір есімді жігіт. Ол анасының ауыр науқасқа шалдыққанын біледі. Кейіпкер анасының өмірі үшін қандай жағдайларға бара алады екен?

Жобадағы негізгі рөлдерді Санұржан Сүлейменов, Жәния Қалиева, Әсет Нұрпейісов, Нышанбек Жұбанаев және Еркен Губашев сомдады. Драма өндірісімен Alatau Film кинокомпаниясы айналысты.

Кинотаспаның түсірілімі былтырғы жылдың қыс мезгілінде өткен. Актер Санұржан Сүлейменовтың айтуынша, топ түнгі түсірілім кезінде біраз қиналған көрінеді.

Назарларыңызға жобаның түсірілімінен фоторепортаж ұсынамыз.

Санұржан Сүлейменов және Жәния Қалиева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер