È

«Қалай да той жасау» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

«Қалай да той жасау» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

Наурыз қарсаңында Қанағат Мұстафин мен Айдын Сахаманның «Қалай да той жасау» комедиясы айналымға шықты. Картина көктем мерекесіне арнайы түсірілген.

Таспа сюжеті телевидениеде жұмыс істейтін Мақсат туралы баяндайды. жақында қарындасының «Қыз ұзату» тойы болады, сондықтан ол мейрамханаға ақшаны апарып беруі тиіс. Алайда, асығып жүріп, бар ақшасын жоғалтып алады да, түрлі сынақтарға тап болады. Кейіпкер қарындасының тойының шырқын бұзбау үшін айла ойлап табуы керек.

Фильмге Шәріп Серік, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Айым Сейтметова, Данагүл Темірсұлтанова, Азат Сейтметов, Динара Бақтыбаева, Жан Байжанбаев, Максим Акбаров және т.б. түсті.

Айта кету керек, Сейтметовтер әулеті дәл осы комедияда толығымен түскен.

«Қалай да той жасау» картинасының түсірілімінің қалай өткенін фоторепортажымыздан тамашалаңыздар.

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер