È

«Қалай да той жасау» 100 жүлде ойнатады

«Қалай да той жасау» 100 жүлде ойнатады

«Қалай да той жасау» фильмін түсірушілер Kinopark және Kinoplexx-пен бірлесе отырып, Alser дүкендер желісінен тұрмыстық техникадан 100 жүлде ойнатады. Акция 2018 жылдың 20 наурызынан бастап 5 мамырына дейін жалғасады.

Акцияға қатысу үшін кез-келген Kinopark немесе Kinoplexx (Қалалар: Алматы, Астана, Шымкент, Актөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды,Орал) кинотеатрының барынан «Тойбастар» комбосын және «Қалай да той жасау» фильміне билет сатып алу керек. Купонды толтырыңыз және оны брендті қорапқа салыңыз. Жеңімпаздар 2018 жылдың 12 мамырында анықталады.

Естеріңізге ала кетейік, «Қалай да той жасау» - Мақсат жайлы баяндалатын комедия. Наурыздың қарсаңында оның әпкесінің ұзату тойы өтуі тиіс. Бірақ, Мақсат мейрамханаға төлейтін ақшаны жоғалтып алғандықтан, отбасылық мереке бұзыла жаздады.

Картинаға Шәріп Серік, Айым Сейтметова, Дидар Кәден, Динара Бақтыбаева, Ерболат Тоғызақов және Әмина Малгаждар түсті. Сондай-ақ, түсірілімге эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас және Айқын Төлепберген қатысты.

Фильм режиссерлары - Қанағат Мұстафин және Айдын Сахаман. Картина KANAIDAR Production, BozOk film және Arai Media group кинокомпанияларымен шығарылды.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

23 наурыз 2018, 02:25

Той везде хорошо, и везде это дилемма.

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса