È

«А.Л.Ж.И.Р.» хикаясының түсірілімінен фоторепортаж

«А.Л.Ж.И.Р.» хикаясының түсірілімінен фоторепортаж

Жақында «А.Л.Ж.И.Р» ресей хикаясының түсірілімі аяқталды. Басты рөлдерді Екатерина Гусева, Дарья Екамасова, Кирилл Полухин, Кирилл Плетнев, Наталья Аринбасарова, Алексей Шевченков сомдады. Сонымен қатар, драмаға танымал қазақ актрисасы Дина Тасболатова да түсті.

Хикаяда отанын сатып кеткендердің әйелдері жататын Ақмола лагеріндегі нәзік жандылардың қилы тағдыры баяндалады. Көпсериялы драмадағы оқиға өткен жүзжылдықтағы 30-жылдарда болған.

Драма түсірілімі биылғы жылдың сәуір айында басталған. Жоба үшін арнайы лагерь декорациялары құрылды. Хикая Крым түбегінде, Феодосия қаласында және соның маңында түсірілді. Көпсериялы таспа «НТВ» арнасынан көрсетілетін болады.

Назарларыңызға «А.Л.Ж.И.Р.» хикаясының түсірілімінен фоторепортаж ұсынамыз.

Дина Тасболатова

 

Суреттерді «НТВ» телеарнасы және актриса Дина Тасболатова ұсынды

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Болат Кисамбаев

7 тамыз 2017, 16:15

акмолинский лагерь жен изменников родины

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист