È

«Қазақ хандығы. Алтын тақ» хикаясының түсірілімінен фоторепортаж

«Қазақ хандығы. Алтын тақ» хикаясының түсірілімінен фоторепортаж

Оңтүстік Қазақстан облысында режиссер Рүстем Әбдірашевтің жетекшілігімен «Қазақ хандығы» хикаясы жалғасының түсірілімі өтуде. «Иір су» жайлауының кең алқабында тарихи жобаның авторлары қазақ ауылын, көшпенділер сахнасын және шайқасты түсіріп жатыр. Көпбөлімді картинаның бас продюсері – Арман Асенов.

XV ғасырды жаңғыртумен қоюшы-суретші Мұрат Кәріповтің басқаруындағы кәсіби топ айналысты. Бұл көлемді жобаның костюмдеріне Ажар Әубәкірова жауапты болды.

Көрермендер жаңа маусымнан сүйікті актерлары: Қайрат Кемалов, Еркебұлан Дайыров, Досхан Жолжақсынов, Қарлығаш Мұхамеджанова, Аян Өтепберген, Ниязбек Шайсұлтанов және Іңкәр Әбдірашты бұрынғы образдарынан қайта көре алады.

Хикая авторлары көрермендерге жұмыстарының нәтижесін жыл соңында көрсетуге уәде берді. Картинаны асыға күтіп жүргендер үшін «Қазақ хандығы. Алтын тақ» түсірілімінен фоторепортаж ұсынамыз.

 

 

Фото: Николай Постников

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сергей Попов (IV)

Актер

Ержан Рүстембеков

Режиссер