«Мезгілсіз махаббат» хикаясының түсірілімінен фоторепортаж
7 қараша күні «Хабар» телеарнасының эфирінен «Мезгілсіз махаббат» хикаясы көрсетіле бастайды. Көпсериялы фильм көрермендерге үлкен махаббат хикаясын баяндап бермек.
Хикаяның басты кейіпкері – алматылық ақсақал, ол Астанадан келген тартымды бір зейнеткерге ғашық болып қалады. Қарт адамдардың махаббат хикаясының аясында ұлдарының өмірі бейнеленеді.
Авторлардың айтуынша, фильм идеясы басты кейіпкерлердің, ата-аналар мен балалардың, ауылдан шыққандар мен қалалықтардың арасындағы қарапайым қарым-қатынастан тұрады.
Телеэкранда хикая кейіпкерлерінің образын актерлар Айдос Бектеміров, Қуандық Шәкіржанов, Жалғас Толғанбай, Дариға Бадықова және Нұрлан Еспанов сомдайды.
Отбасылық драманың қоюшы-режиссері - Анвар Матжанов, қоюшы-операторы - Жанарбек Елеубек. Сценарийін Жәмит Көшербаев пен Асқар Дүйсенбі жазған. Жобаның продюсері – Толқын Сейдоллақызы.
«Мезгілсіз махаббат» хикаясы түсірілімінің қалай өткенін арнайы фоторепортажымыздан тамашалаңыздар.
Суреттерді «Хабар» АҚ агенттігінің баспасөз қызметі ұсынды







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін