Гаухар Нұртас «Тоқал» фильмін таныстырды
Алматыда әлеуметтік сипаттағы «Тоқал» фильмінің әлемдік тұсаукесері өтті. Алғашқы көрермендерге оны картинаның бас продюсері әрі идея авторы Гаухар Нұртас, ресейлік режиссер және сценарий авторы Евгений Чельцов, атқарушы продюсер Олег Абулкабиров, актер Ерік Жолжақсынов және актриса Жанел Мақажан таныстыды.
«Тоқал» феномені көпшілікке таныс. Әдетте бұл тақырып ашық айтылмайды, айтылса да жаймен айтылады, бірақ біз осыны үлкен экранға алып шықтық. Шындығында бұл феномен біздің қазіргі қоғам үшін эксклюзив емес. Бұл құбылыс кез келген елде бар. Бірақ өзге елдерде түрліше аталады. Мысалы, Еуропа мен Америкада «әйелі бар папочка» деп аталады, - дейді картина продюсеры Гаухар Нұртас.

«Тоқал» әлеуметтік драмасын 2015 жылы режиссер Евгений Чельцов түсірді. Алматы мен Лос-Анджелесте өткен түсірілім 16 күнге созылды. неге таңдау шетелдік маманға түскенін продюсер былай түсіндірді.
«Фильмнің идеясы 2013 жылы пайда болып, тіркелген болатын. Содан кейін сценарийге байқау жарияланды. әрине, біздің елімізде дарындылар көп. Бірақ маған түскен нұсқалардың бәрі ойымдағы дүние емес еді. Біз қазақстандық автор таба алмадық. Біраз уақыттан кейін Евгенийді кезіктірдім, менің берген тапсырмамды ол орындай алды, бұған өзім де таңғалдым», - дейді Гаухар Нұртас.
Өз кезегінде Евгений Чельцов продюсерге және барлық түсірілім тобына бірге атқарылған жұмыстары үшін алғыс айтты.
Сюжет бойынша отбасылы Қайрат деген жігіт екінші әйелмен көңіл қосады. Мұны бірінші әйелі біліп қояды да, қорлығына көнгісі келмейді. Алайда бас кейіпкердің ата-анасы бұл жағдайды қабылдап, отбасын бұзбауға үгіттейді. Авторлардың айтуынша, бұл оқиғаның шешімі қалай болатынын алдын ала білу мүмкін емес.

«Мұндай құбылыстың жақсы, жаман екенін барлық еркек үшін жауап бере алмаймын. барлығы адамның өзіне байланысты. Әрине, тоқал, бәйбіше деген ұңыцмдар бізге ата-бабамыздан мұра болып қалған дүние. Ол замандарда демографияны көтеру үшін көп әйел алу дұрыс деп есептелген. Бірақ зіргі жағдай бөлек, еркектер екінші әйелді жасырын түрде ұстайды. Осы үшін мен еркектерді кінәлаудан аулақпын. Өйткені бұған шектеу қоятын заңды көрмеппін. егер адамдардың өзі осындай қатынасты қаласа, не істей аласың», - деп өз ойымен бөлісті басты кейіпкердің рөлін ойнаған Ерік Жолжақсынов.
«Токал» фильм - қазақстандық-америкалық жоба. 8 желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Қырғызстанда қатар прокатқа шықты. Сәл кейінірек драма Әзірбайжан, Моңғолия, Түркия және еуропаның бірқатар елдерінде көрсетіледі.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін