È

Бақыт, сен қайдасың?

Бақыт, сен қайдасың?

Қоюшы-режиссер Талғад Жаныбеков («Джокер») «Қуаныш» атты қысқаметражды деректі фильм түсірді. Картинада бюджет жоқ, өйткені Талғад лентаны бар болғаны 2 күнде түсірді. Ол өзі режиссер, өзі оператор, монтаж инженері ретінде жұмыс істеді.

Фильм өмір сүргісі келетін немесе тірі қалғысы келетін Қуаныш есімді жігіт туралы.

Жаныбековтың айтуынша, ол картинада әлеуметтік тақырыпты көтеруге тырыспаған, алайда көрермен кейіпкерге қолдау білдіру үшін режиссер шынайы ер адам мен оның отбасы туралы шындықты көрсетуді мақсат еткен.,

«Мен Қуаныштың қалай еңбектенін, жалқау еместігін көрдім. Бірақ оны үнемі алдайды, тағдыры солай болса керек. Мен фильмді түсіріп желіге салайын деп ойладым, бар ойым қайырымды адамдар жігітке көмек қолын созса деген мақсат болды», - дейді режиссер.

Фильм Алматы облысының Үшқоңыр ауылында 2015 жылы түсірілді. Басты рөлде Қуаныштың өзі, жұбайы және балалары.

Қазіргі таңда қысқаметражды лента ОАР кинофестивалінің бағдарламасына енгізілді.

Бүгінде Талғад работает «Феникс» картинасымен жұмыс істеуде, бұл фильм «Қазақфильм» киностудиясы мен Aldamisa Entertainment студиясының өндірісінде. Жаныбековтің сөзіне қарағанда, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі түсірілім жұмыстарын уақытша тоқтатып қойған, қазір режиссердің командасы мен америкалық компания қыржыландыруды күтуде. Сондай-ақ «Асеке&Масеке» және «Считалочка» хорроры да өндірісте. Түсірілмге дайындала жүріп режиссер . басқа ленталарға сценарий жазады, демеушілер іздейді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса