È

Kesh You тобы «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясына саундтрек жазды

«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясына арналған саундтрек

Kesh You тобы «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясына саундтрек жазды. Лирикалық шығарманың авторы- Арман Дүйсенов. Музыкалық бейнебаянның тұсаукесері жақын арада болады.

«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясы - жас Қозы мен сұлу Баянның махаббат дастаны негізінде түсірілген Баян Есентаеваның жаңа продюсерлік жобасы. Жастар кездесіп, бір-біріне ғашық болады. Кейіпкерлер бақыттары үшін талмай күреседі. Көрермендер әсерлі махаббат, достық пен құрбандық хикаяларына қанық болмақ.

«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясы саундтрегінің бейнебаяны түсірілімінен көрініс

Картинамен режиссер Дархан Сәркенов және қоюшы-оператор Александр Рубанов айналысты. Телефильмге Гүлзада Тұрлаш («Қазақ аруы»), Ержан Мұқатаев, Марат Абай-Ділда, Ақниет Орынтай, Тұрсын Құралиев, Жақсыбек Құрманбеков және Махаббат Сарқытбаева түсті.

Хикая 2017 жылдың шілдесінен тамыз айына дейін түсірілді. Түсірілім Іле Алатауының бөктерінде, Ассы тауында өткен.

«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» көпсериялы мелодрамасы «Қазақстан» телеарнасынан жақын арада көрсетіледі.

 

Суреттер Баян Есентаеваның жеке Instagram парақшасынан алынды

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист