È

Баян Есентаева «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясының түсіріліміне кірісті

Баян Есентаева «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясының түсіріліміне кірісті. Қазақстан киносы

Жақында «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясының түсірілімі басталды. Продюсері - Баян Есентаева. Режиссері - Рашид Сүлейменов, қоюшы-оператор міндетін Александр Рубанов атқарады. Картина «Қазақстан» телеарнасының тапсырысы бойынша өндірілуде.

«Барлық жобаларымыз жақсы шықты. Ал бұл жоба барлығынан қиын. Дегенмен, бар қиындықты еңсереміз деп ойлаймын. Мен көп жылдар бойы дәл осы махаббат хикаясын түсіргім келіп жүрген. Армандар орындалады. «Қазақстан» арнасына бізге кенім білдіргені үшін алғыс айтамыз»,-деді продюсер.

Суреттер Баян Есентаеваның жеке Instagram парақшасынан алынды

Көпсериялы фильм негізіне Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың қайғылы махаббатын баяндайтын халық поэмасы арқау болды. Экрандағы ғашықтардың рөлін Ержан Мұқатаев пен Гүлзада Тұрлаш сомдайды.

Көпсериялы фильмнің түсірілімі Іле Алатауының етегінде, Ассы үстіртінде өтіп жатыр. Түсірілім үшін арнайы 29 қазақ үйден құралған ауыл салынған.

«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясы биылғы күзде жарыққа шығады.

 

Превью: Ержан Мұқатаевтың жеке Instagram парақшасынан

3 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

24 шілде 2017, 12:58

думаю будет смотреть сюжет со смыслом. как это любит Баян Максаткызы

Алибек Бижанов

13 қыркүйек 2017, 03:12

Наверное там Баян изменит а он простит и она тоже книгу напишет.

Алибек Бижанов

13 қыркүйек 2017, 03:14

Да ещё и сериал! Ой сколько книг напишет)))))

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер