Гүлнар Байбосынова «Мегаполис ханымдары» дебютті продюсерлік жобасы жайында
Актриса Гүлнар Байбосынова жаңа бағытты меңгеріп келеді. Отандасымыз «Мегаполис ханымдары» көпсериялы фильмінің бас продюсері атанды. Ол жобаның режиссері ретінде Жасұлан Пошановты таңдап алды.
«Мегаполис ханымдары» хикаясындағы оқиға жаңа жыл қарсаңында болған. Сыныптас бес қыз 30 жылдан кейін жаңа жылды бірге қарсы алуды ұйғарады. Құрбылар түрлі болғанымен, армандары біреу – бақытты әрі сүйікті болу.
«Мен көптен бері қазақстандықтарға өмірдің кереметтігін сезіндіретін жоба түсіргім келді. Осылайша, аталмыш хикаяның идеясы дүниеге келді. Біздің кейіпкерлеріміз – уақытпен бірге алға жылжып келе жатқан орта жастағы әйелдер. Олар – ақылды, заманауи, көрікті, сұлу әрі табысты жандар. Түсірілім алаңында кез-келген кішкентай дүниеге қатты мән береміз, оның барлығы көрерменнің эстетикалық ләззат алуы үшін жасалынып жатыр. Жобаның бар мағынасы – сұлулық әлемді құтқарады»,-дейді хикая туралы Гүлнар Байбосынова.
Сыныптастарды белгілі театр және кино актрисалары Данагүл Темірсұлтанова, Гүлнар Дусматова, Бақыт Шадаева, Шынар Асқарова және Гүлнар Байбосынованың өзі сомдайды. Сонымен қатар, түсірілімге қоюшы-оператор Влад Зажерило, қоюшы-суретші Руслан Оспанов, грим бойынша суретші Толқын Асылбекова және костюм бойынша суретші Гаухар Әбутәліп атсалысты.
«Соңғы жылдары түрлі жобаларға қатыса отырып, өзім үшін киноның кәсіби мамандарын белгілеп отырдым. Түсірілім тобына келгенде, құрамында кімдердің болатынын білдім. Бұл жобамен Қазақстанның ең мықты түсірілім тобы жұмыс істеп жатыр деп толық сеніммен айта аламын. Біз барымызды салып кірісіп жатырмыз, көрермендерге жаңа жылдық атмосфераны бере отырып, тұрмыстың күнделікті күйбеңін ұмыттырып, хикая көрсетіліммінен ләззат ала алатындай күйді беруге тырысамыз»,-дейді продюсер.
«Мегаполис ханымдары» шытырманға толы хикаясы «Хабар» телеарнасынан алдағы қыста көрсетілетін болады. Көрермендерге барлығы 6 бөлім ұсынылады.
Телефильм түсірілімі Алматыда әлі жалғасып жатыр.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін