Алматыда «Мегаполис ханымдары» хикаясы түсірілуде
Алматыда «Мегаполис ханымдары» хикаясының түсірілімі басталды. Көпсериялы телефильмді режиссер Жасұлан Пошанов және жобаның бас продюсері атанған актриса Гүлнар Байбосынова түсіріп жатыр.
«Мегаполис ханымдары» фильмі – бұл сыныптас 5 қыздың хикаясы, олар 30 жылдан соң жаңа жылды бірге қарсы алуды ұйғарады. Мектеп бітірген соң әрқайсысы өз жолдарын таңдады, бірі бақытты отбасының ұйытқысы болып отырса, енді бірі жеке өмірін бір арнаға тоғыстыра алмаған. Жаңа жыл қарсаңында 5 тағдыр бірігіп, ұмытылмас шытырман оқиғаға айналады.
Авторлардың айтуы бойынша, телевизиялық фильмге жұлдызды актерлік құрам түсіп жатыр. Көрермендер телеэкрандағы құрбылардың рөлінде Гүлнар Байбосынова, Бақыт Шадаева, Данагүл Темірсұлтанова, Гүлнар Дусматова және Шынар Асқарованы көре алады. Сондай-ақ, картинаға Азат Сейтметов пен Әзиз Бейшеналиев түсті.
Шынар Асқарова және Азат Сейтметов
Түсірілім тобы да кәсіби мамандардан құралған. Жаңа хикаяны түсіруге қоюшы-оператор Влад Зажерило, қоюшы-суретші Руслан Оспанов және атқарушы продюсерлер Марина Сүлейменова мен Ақшолпан Сарбаева атсалысуда.
«Мегаполис ханымдары» хикаясының тұсаукесері «Хабар» телеарнасында Жаңа жыл қарсаңында болмақ.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін