È

Гүлнар Сәрсенова «Нартай» фильмін түсіріп жатыр

Гүлнар Сәрсенова «Нартай» фильмін түсіріп жатыр

Алматыда «Нартай» трагикомедиясының түсірілімі өтіп жатыр. Халықаралық жобаға режиссер әрі продюсер Гүлнар Сәрсенова жетекшілік етуде.

Картина сюжеті 90-жылдарда өрбиді, Нартай және досы Эдик жағдайға байланысты Германияға тап болады. Біреуі эмиграция туралы мүлдем ойламаған және бұл жағдайға аяқ астынан тап болады, ал екіншісі шетелге баратын сапарын нақты жоспарлаған. Егер Нартай үйге оралуға асықса, Эдик мұны қаламады және елінің болашағына сенбейді. Бір-біріне қайшы екі кейіпкердің мысалдары арқылы көрермендер адамзаттың отанымен арадағы қарым-қатынасы туралы ойлана бастайды.

Жобаның қосалқы режиссері неміс қоюшысы - Дмитрий Цинцадзе. Оператор ретінде Азамат Дулатов шақырылды. Таспа Владимир Куниннің «Мариенплацтағы орыстар» танымал романына негізделген. Туындыны сценарийге Сергей Калужанов бейімдеді.

«Нартай» фильмінің түсірілімі
«Нартай» фильмінің түсірілімі

Нартайдың прототипі біздің жерлесіміз, Т-72 танкінің механигі Нартай Сапарғалиев болды. Картина авторлары фильмнің шытырман жағына көбірек көңіл бөлді, сондықтан «Нартай» шетелдік сапарда кейіпкердің басынан өткен ғажайып оқиғаларға толы болмақ.

«Бұл киноны түсіру идеясы 25 жыл бұрын туындаған. Романды оқып шығып, экрандауды жөн санадым. Бұл жобамен нақты 3 жыл бойы айналысып келемін», - деді Гүлнар Сәрсенова.

Қазір фильм түсірілімі Қазақстанда өтіп жатыр. Әрі қарай авторлар жұмысты Германия мен Баварияда жалғастырмақ.

«Нартай» «Мимино», «Терминал» секілді фильмдерге ұқсайды. Әр кейіпкердің алдында тұрған негізгі сұрақ: сенің отаның қайда? Сен қай жақта жақсы өмір сүресің? Отаныңда барлығы нашар болса, басқа елге кету қажет пе, әлде қалып, барлық мәселені шешуге көмектескен дұрыс па?», - деп қоса кетті режиссер.

Рустам Одинаев, Гүлнар Сәрсенова, Азамат Дулатов / «Нартай» фильмінің түсірілімі
Рустам Одинаев, Гүлнар Сәрсенова, Азамат Дулатов / «Нартай» фильмінің түсірілімі

Басты рөлге көптеген отандық актерлар ұсынылды, соның ішінде Асылхан Төлепов пен Жандос Айбасов та бар. Алайда, режиссердің таңдауы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының 2-курс студенті Шәріфбек Зәкіровке түсті. Оның досын Ленсовет атындағы (Санкт-Петербург) театрдың актері Григорий Чабан сомдайды. Әйел образын ҚазҰӨУ (Астана) түлегі Анна Старченко орындайды.

Режиссердің айтуынша, «Нартай» түсірілімі келесі жылдың жазында аяқталады.

Айта кетсек, Гүлнар Сәрсенова Қазақстанның атынан «Оскар» жүлдесіне ұсынылған «Айкаға» продюсерлік етті. Сергей Калужанов «Аналар», «Мұхтардың оралуы», «Махаббат-сәбіз 3», «Қашу» және «Мажор» секілді орыс картиналарына сценарий жазған.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер