È

Индира Еділбаева: «Рөлді шынайы жолмен иелендім»

Индира Еділбаева: «Рөлді шынайы жолмен иелендім»

Осы күзде көрермендер отандық кинодағы жаңа жұлдыздың жарқыраған сәтін көретін болады. Жақында Бүркіттің «Тілек тіле» фильмінің түсірілімі аяқталды, басты кейіпкерді әнші Индира Еділбаева сомдады. Әншілік салада белгілі бір жетістіктерге жеткен бойжеткен өз күшін кинематографияда байқап көрмек.

«Бұл менің кинодағы ең басты әрі алғашқы рөлім! Рөлді шынайы жолмен иелендім, яғни кастингтен өттім. Сынамаға көптеген кәсіби актрисалар қатысқан болатын, мен тіпті жобаға өтемін деп ойлаған жоқпын. Маған хабарласып, рөлге қабылданғанымды айтқан кезде, таң қалдым. Расында, осы рөлді қатты қаладым, себебі кейіпкер екеуіміздің мінезіміз ұқсас. Тағдырымыз да ұқсайтын сияқты», - деді актриса.

«Тілек тіле» фильмінің кейіпкері - тағдыры ауыр қыз, ол көктен көмек сұрайды. Оның тілегі көкке жетеді: аспаннан жерге бойжеткеннің өмірін түбегейлі өзгертуге дайын бір періште түседі. Екеуінің кездесуінен бастап, түрлі қызықтар басталады.

«Фильмге түсу, әсіресе басты рөлді сомдау әрине, қиынға соқты. Қатты алаңдаған кездер де өтті. Эмоцияларды ойлап тұрып, мәтінді ұмытқан күндер де болды. Қайта бұл театр емес, кино ғой, бірнеше дубль жасауға болады. Топ түсіністік танытты, маған қиын болып жатқанын көріп, қолдау білдірді. Ән айту – менің бар өмірім, ал кино мен үшін – жаңа әрі қызықты дүние. Осы картинадан соң жиі түсемін деп ойлаймын», - деп бөлісті түсірілімдегі әсерлерімен Индира.

Жас актрисаға түсірілім алаңында серіктес болғандар: Асылбек Мұсабеков, Айым Сейтметова, Кентал, Бүркіт пен Аиша.

Индира Еділбаеваның тыңдармандардың емес, көрермендердің махаббатына қаншалықты ие болатынын уақыт көрсетер.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Камилла Ермекова

Актриса

Санұржан Сүлейменов

Актер