È

Іңкәр Әбдіраш «Терезедегі бала» қысқаметражды фильмін түсіруде

Іңкәр Әбдіраш «Терезедегі бала» қысқаметражды фильмін түсіруде

Актриса Іңкәр Әбдіраш «Терезедегі бала» атты қысқа метр түсіріп жатыр. Жобаның продюсерлері - Фархат Әбдірайымов, Гүлшат Задорожнева.

Сюжетте балалар үйінің тәрбиеленушісі суреттеледі, ол актрисаны жақсы жаққа өзгертіп, өміріне әсер етеді.

Бұл хикаяны Іңкәр алғаш рет 6 жыл бұрын естіген. Бірақ, ол сценарий жазуға осы қыста кірісіп, түсірілімді жазда бастаған.

«Фильмді расында да балалар үйінде, тәрбиеленушілерінің айналасында түсірдік. Ол стратегиялық объект болғандықтан, рұқсатты әрең алдық. Мен фильмде шындықты көрсеткім келді, өйткені бұл жәй ғана көркем-суретті картина емес, бұл әлеуметтік драма және ол коммерциялық мақсатта түсірілмеген», - деп бөлісті Әбдіраш.

«Терезедегі бала» фильмінің түсірілімі
«Терезедегі бала» фильмінің түсірілімі

Балалар үйіндегі баланы Алмас Ақылбай сомдайды. Режиссердің айтуынша, шынайы өмірде баланың толыққанды отбасы бар:

«Біз балалар үйіне барып, басты рөлді сомдайтын жанды іздедік, бірақ бізге сай келетін баланы таба алмадық. Содан кейін оны балалар үйінен тыс іздеуді ұйғардық, таңдауымыз Алмасқа түсті, себебі ол психотип пен өмірге деген көзқарасы арқылы басты кейіпкерге ұқсас болды».

Басты әйел рөлі бұрын Нұртас Адамбайдың «Мен – күйеу жігітпін» комедиясына түскен Гүлнар Сильбаеваға бұйырды. «Терезедегі бала» фильмінде ол балалар үйіндегі балаға аналық махаббаты оянатын актрисаны ойнайды.

«Терезедегі бала» фильмінің түсірілімі
«Терезедегі бала» фильмінің түсірілімі

«Мені басқа да актрисалар қатысып жатқан бейнесынамаға шақырды, бірақ соңында таңдау маған түсті. Мұны барлығы білген соң, мені комедия актрисасы ретінде көріп, бұл рөлді қаншалықты сомдай алатынымды сұрай бастады. Бірақ, Іңкәр танымал адамдардың басқа қырын ашудың жақсы екендігін айтты. Қазір, көрермендерді менің қаншалықты өзгере алатыныма сендіру үшін барынша атсалысып жатырмыз», - деді Гүлнар.

Сондай-ақ, актриса түсірілім тобының бірігіп, сапалы жұмыс істеп жатқанын да айта кетті.

Айта кетсек, «Терезедегі бала» фильмі - Іңкәр Әбдіраштың режиссер ретіндегі дебютті жұмысы. Бұрын ол «Қазақ хандығы. Алмас қылыш», «Ауылдан қашу. «Махаббат» операциясы», «Махаббат тәлкегі» сынды картиналарға түскен болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер