È

«Қағаз кеме» хикаясының тұсаукесер күні белгіленді

«Қағаз кеме» хикаясының тұсаукесер күні белгіленді

Ninety One тобы жанкүйерлерін таң қалдырудан жалығар емес. «Ninety One» өмірбаяндық фильмінен кейін бойз-бэнд «Қағаз кеме» хикаясына түсті, оның тұсаукесері 30 қазан күні «НТК» телеарнасында болады.

«Қағаз кеме» хикаясының кейіпкерлері – армандарына адал дарынды әрі жарқын жігіттер. Олар қиындықтарға қарамастан, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тырысады, өйткені жүректері сенім мен махаббатқа толы. Көпсериялы картинаның режиссері - Ерболат Беделхан, қоюшы-операторы - Нұрсұлтан Базарбай.

«Қағаз кеме» хикаясы түсірілімінен сурет

Көпсериялы фильм Бішкекте Орталық Азия Америка университетінде түсірілді. Түсірілім ағымдағы жылдың шілдесінен қыркүйек айына дейін өткен. Хикаяға Ninety One тобынан бөлек, Әсел Сәдуақасова мен Олжас Тоғымбет қатысты.

Авторлардың айтуынша, көрермендерді музыка мен биге толы әсерлі хикая күтіп тұр.

Алғашқы бөлімнің көрсетілімі «НТК» арнасынан сағат 23:00-де көрсетіледі.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер