È

Әсел Сәдуақасова Ерболат Беделханның жаңа жобасындағы кейіпкері туралы

Әсел Сәдуақасова Ерболат Беделханның жаңа жобасындағы кейіпкері туралы. Қазақстан киносы

Қырғызстанда, Бішкекте «Қағаз кеме» хикаясының түсірілімі басталды. Басты рөлдерді «Ninety One» тобының солистері Азамат Зенкаев, Данияр Құлымшин, Дулат Мұхаметқалиев, Азамат Ашмақын және Батырхан Мәліков сомдады. Сонымен қатар, көпсериялы фильмге Әсел Сәдуақасова түсті. Актриса балалар оқитын шығармашылық мектептің директорының образында көрінеді.

«Кейіпкерім бір қарағанда қатал әрі өзіне және айналасындағы қыздарға тым талапшыл секілді болып көрінеді. Бірақ, оның жүрегі уайымға толы. Оның себебін көрермендер хикаяны көрген кезде біле алады»,-деп хабарлады актриса.

Көпсериялы фильмнің режиссері - Ерболат Беделхан. Қоюшы-операторы - Нұрсұлтан Базарбай. Хикая «Juz Entertainment» продюсерлік орталығымен өндірілуде. Жобаның тұсаукесері күзде болмақ.

«Қағаз кеме» хикаясының түсірілімінен сурет

«Түсірілім жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін созылады. Бұл жасөсіпірмдер арасындағы қарым-қатынасты баяндайтын Қазақстандағы алғашқы жоба болады деп ойлаймын. Хикая ең алдымен жас аудиторияға бағытталған. «Қағаз кеме» музыка мен биге толы болмақ»,-деп бөлісті Әсел.

Айта кету керек, 24 тамыз күні «91» кинокартинасы жарыққа шығады. Оның продюсерлері - Әсел Сәдуақасова, Ерболат Беделхан, Асқар Ұзабаев. Соңғысы «Қағаз кемеге» де режиссер болды. Аталмыш жобадан бөлек, жақында актрисаның «Қазаққа ғашық болмаудың бес себебі» атты романтикалық комедиясы жарыққа шығады.

 

Превью: Зарина Кұлмурзина

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Болат Кисамбаев

7 тамыз 2017, 16:19

не верится что ей уже тридцатник

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер