È

Кәмшат Жолдыбаева: «Менің кейіпкерімнің рухы, ерік-жігері мықты»

Кәмшат Жолдыбаева: «Менің кейіпкерімнің рухы, ерік-жігері мықты»

«Хабар» телеарнасындағы «Өгей жүрек» сериалы аяқталуға жақын. 12 сериялы фильмнің өндірісімен Esentai Production продюсерлік орталығы айналысқан болатын. Жобаның режиссеры Ернар Нұрғалиев.

«Өгей жүрек» – бұл Бибүгүл атты жас келіншектің оқиғасы, ол қарапайым әйел бақытына жету жолы оңай емес. Сериалдың сюжеті мейірімділік, достыө, отбасылық құндылықтар жайлы.

басты кейіпкерлерді Кәмшат Жолдыбаева, Дәстен Шәкіров, Азат Сейтметов, Жәния Қалиева ойнайды.

«Менің кейіпкерім Бибігүл өте күшті, жігері мықты жан. Жас келіншек ана болуды армандайды. Бірақ аяқ астынан онң өмірі күрт өзгереді. Бірақ ол өмірдің ешбір қиындықтарына моймастан, мінезінің қайсарлығының, мейірімділігінің арқасында дегеніне жетеді. Сериалдың негізгі айтар ойы бөтен балалардың болмайтыны», - дейді басты рөлді орындаушы Кәмшат Жолдыбаева.

Актрисаның айтуынша, Ернар Нұрғалиевтің жетекшілігімен жұмыс істеген топтың арқасында түсірілім барысында айтарлықтай қиындықтар болмаған.

«Өгей жүрек» сериалының телекөрсетілімін көріп үлгермеген көрермендер сериалды khabar.kz. сайтынан көре алады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер