Қанағат Мұстафин «Қалай да той жасау» комедиясының жарыққа шығатын күнін хабарлады
15 наурызда «Қалай да той жасау» отбасылық комедиясы айналымға шығады. Бұл туралы «Бродвей» кинопорталына фильмнің режиссері Қанағат Мұстафин хабарлады.
Картинадағы оқиғалар жергілікті телеарнада жұмыс істейтін Мақсаттың айналасында өрбиді. Ол туған әпкесінің ұзату тойының қарсаңында мейрамханаға төлеуге жинаған ақшаны жоғалтып алады. Кейіпкер отбасылық мереке бұзылмас үшін барлығына дайын.
Мақсатты Шәріп Серік сомдаса, оның әпкесінің рөлінде Ақбота-Нұр Сейтмағамбет ойнайды. Олардың ата-анасының рөлінде - Данагүл Темірсұлтанова мен Азат Сейтметов.
Азат Сейтметов, Данагүл Темірсұлтанова және Қанағат Мұстафин «Қалай да той жасау» фильмінің түсірілімінде
Комедиялық таспаны Қанағат Айдын Самаханмен бірлесіп түсірген. Бастапқыда фильм «Жаңа бақытпен» жұмыс атауына ие болса, кейін оны «Ессіз той» деп ауыстырғысы келді. Соңында фильм түсірушілері «Қалай да той жасау» атауына тоқталды.
Фильмді өндірісімен BozOkfilm, Arai Media group және KANAIDAR Production айналысты.
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Baubek Nogerbek
19 февраля 2018, 02:48Исправьте пожалуйста ошибку, сорежиссера зовут Айдын Сахаман, а не Самахан.