È

Қанағат Мұстафин «Ең сұлу» фильміне арналған трейлерді ұсынды

Қанағат Мұстафин «Ең сұлу» фильміне арналған трейлерді ұсынды

Желіде Қанағат Мұстафиннің «Ең сұлу» комедиясының қазақтілді трейлері пайда болды. Таспа отандық режиссердің төртінші толықметражды жұмысы және 2018 жылы шыққан екінші картинасы.

Наурыз айында оның «Қалай да той жасау» фильмі шыққан болатын.

«Ең сұлу» фильмі отбасын құратын уақыты келген Самат жайлы әңгімелейді. Ол өз арманындағы қызды кездестіріп, алғашқы қадам жасауға бел буады. Бірақ Самат қатерлі қылмысқа ұрынады. Енді оны бүкіл қала іздестіруде. Самат пен оның достарының оқиғасы немен аяқталатынын көрермендер 10 мамырда біле алады.

Фильмдегі басты рөлдерде Қуаныш Долдаев пен Әсел Асқар ойнайды. Қалған кейіпкерлерді Мұрат Бисенбин, Берік Айтжанов, Асан Мәжит, Аша Матай, Фархат Әбдірайымов және Дәурен Айдарқұлов сомдайды.

Айта кетейік, бұдан бұрын «Ең сұлу» фильмінің постері жарияланған болатын.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер