È

«Ең сұлу» комедиясы биылғы мамырда жарыққа шығады

«Ең сұлу» комедиясы биылғы мамырда жарыққа шығады

Kanaidar production компаниясы «Ең сұлу» комедиясының шығу күнін жариялады. Отандық фильм экранға биылғы жылдың 10 мамырында жарыққа шықпақ. Авторлар көрермен назарына фильм постерлерін ұсынды.

«Ең сұлу» - режиссер Қанағат Мұстафиннің «16 қыз» комедиясының жалғасы. Сиквелдегі оқиға бірінші бөлімдегі Бауыржанның жақын досы Саматтың айналасында өрбиді. Самат Ләйлаға ғашық болып, жүрегіне жол табуға тырысады. Алайда, кейін романтикалық хикая құны 20 миллион долларға тең жәдігерді қуу оқиғасына айналады.

Көрермендер кейіпкерлер образында Қуаныш Долдаевты, Әсел Асқарды, Берік Айтжановты, Аша Матайды, Дәурен Айдарқұловты, Ғани Құлжановты және Асан Мәжитті көре алады.

«Ең сұлудың» түсірілімі былтырғы жылдың мамырынан маусымға дейін өткен болатын. Картина Алматы қаласында және соның маңайында түсірілді. Таспа өндірісімен «Қазақфильммен» бірігіп, Kanaidar production айналысты.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер