È

ҚР Парламенті Сенаты депутаттары «Қазақфильмге» барып қайтты

ҚР Парламенті Сенаты депутаттары «Қазақфильмге» барып қайтты

«Қазақфильм» киностудиясында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының отырысы өтті. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің өкілдері еліміздің киноқайраткерлерімен кездесіп, «Кинематография туралы» заң жобасын талқылады.

Отырыста комитет өкілі Бірғаным Әйтімова, депутат Бақытжан Жұмағұлов, режиссер Рүстем Әбдірашев, актер Асанәлі Әшімов, «Арман» киноорталығының директоры Бауыржан Шүкенов және «Қазақфильм» АҚ президенті Бақыт Қайырбеков сөз сөйледі. Кездесуге қатысушылар қазақстандық кинематография саласының даму бағыттары мен бәсекеге қабілеттілігі жайлы және жалға алушылар, фильмді таратушылар мен киноөндірушілердің арасындағы мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, қатысушылар ауылдық жерлерде фильмдерді тарату қызметтерін жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Сөз соңында депутаттар жиналыста қозғалған мәселелер кино туралы заң жобасын қарастыру барысында қолданылатын болады деп уәде берді. Сондай-ақ, олар «Қазақфильм» аумағында қазақ киносының мұражайын ашу мәселесін Парламентте көтеретіндерін айтты.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер