È

«Қазақфильм» «Ұста» деректі фильмін таныстырды

«Қазақфильм» «Ұста» деректі фильмін таныстырды

«Қазақфильм» киностудиясы суретші әрі этнодизайншы, қолөнер шебері Дәркембай Шоқпарұлына арналған «Ұста» атты деректі фильмін ұсынды. Картинаның тұсаукесеріне суретшінің туыстары, достары, әрісптестері мен шәкірттері келді.

«Мен бірінші білімім бойынша, қолөнер суретшісімін. Сондықтан, мен үшін Дәркембай Шоқпарұлын зерттеп, оның дарынды тұлғалығын, содан кейін шебер мен ұстаз ретіндегі бейнесін ашу қызықты болды. кино түсіруге итермелеген екінші бір себеп – қолөнер туралы баяндау. Негізі, қазақ мәдениетімен тығыз байланысты өнердің бүгінгі күні аса бағаланбайтыны өкінішті»,-дейді фильм идеясы жөнінде режиссер Мірғалым Есіркепов.

Дәркембай Шоқпарұлы Ақши ауылында туып-өскен. Әкесі қайтыс болғаннан кейін, 13 жасынан бастап ұста ағасының қолында тәрбиеленген. Дәркембай Шоқпарұлы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдаған соң, қолөнер тақырыбын тереңірек зерттеп, білімін жетілдіру мақсатымен Қазақстан бойынша саяхат жасайды. 10 жылдан соң «Асыл» атты жеке мектебін ашады, ол жерде жас ұрпақ қолөнердің қыр-сырын үйренетін.

Кинотаспа былтырғы жылдың соңында Алматы облысы, Ақши ауылында түсірілген. Түсірілімге қоюшы-оператор Александр Вертяков, дыбыс режиссері Андрей Влазнев және композитор Әсел Омарова атсалысты.

Айта кету керек, Ақшиде Дәркембай Шоқпарұлы атындағы қолөнер мұражайына барып, шебердің қолынан шыққан тамаша туындыларды көріп қайтуға болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер