È

Каннда қазақстандық кинопавильон пайда болады

Каннда қазақстандық кинопавильон пайда болады

ҚР Мәдениет және спорт минстрлігі Каннда ұлттық павильон ашуды жоспарлап отыр. Ашылуы Канн фестивалінің 70 жылдығына орай 2017 жылдың мамырында болмақ. Бұл туралы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Канн фестивалінің іріктеушісі Жоэль Шапронмен кездесу барысында айтты.

Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, бұл шара мемлекеттік бюджетке аса салмақ салмайды. Керісінше, прокатшылар біздің павильонда фильмдерін көрсетуге қызығушылық танытады.

Жоэль Шапрон

Өз кезегінде Жоэль Шапрон айтып өткендей, Каннда Қазақстаннан басқа киноөндірісі дамыған елдердің барлығының павильондары бар. Егер өзінің көмегі тиіп жатса, қуана-қуана келісетінін айтты. Сондай-ақ қонақ келесі қазақстандық кинематографистердің шығармашылығымен жақсы таныс екенін жеткізді: Дәрежан Өмірбаев, Рүстем Әбдрашев, Әділхан Ержанов, Сатыбалды Нарымбетов және басқалар.

Бүгінде Канн кинонарығының өкілдерімен келіссіздер жүргізілуде.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер