«Киберқорғаушылар» эфирге шығады
«Жетінші арнаның» эфирінен «Киберқорғаушылар» хикаясы көрсетілмек. Ситком кейіпкерлері – билікке жұмыс істейтін IT-мамандар.
«Киберқорғаушылар» - «13 Продакшн» компаниясының құпиялы хакерлер тобының шытырманға толы хикаяларын баяндайтын жаңа жобасы. Подполковник Мұратов генерал Омаровпен бірге компьютерлі техниканың алты білгірінен тәжірибелі бөлімше құрады. Жаңа мамандарға өздерінің ерекше қабілеттерін көрсету үшін сынамалы уақыт беріледі.
«Киберқорғаушылар» хикаясынан көрініс
IT-мамандар туралы хикая түсіру идеясы Дәурен Абаевқа тиесілі, ал сценарийімен продюсер Иван Кинерейш айналысты. Жобаны продюсерлеуді Жасын Қанбаев пен Әлия Бабаева өз қолдарына алды. Ал режиссерлік міндетті Тоқтар Әубәкіров атқарды.
Көрермендер «Киберқорғаушылар» хикаясынан Мұрат Бисенбин, Төлепберген Байсақалов, Жасын Қанбаев, Әсемгүл Ибраева, Әлішер Мұстафин, Әсел Ташарова және Ақарыс Әшімхан сынды актерлар мен актрисаларды көре алады.
Хикая дүйсенбіден бейсенбіге дейін «Жетінші арнадан» сағат 21:50-де көрсетіледі.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін