È

Ким Ки Дук «Дин» фильмінің түсірілімін аяқтады

Ким Ки Дук «Дин» фильмінің түсірілімін аяқтады

Оңтүстік кореялық режиссер Ким Ки Дук «Дин» картинасының жұмысын аяқтады. Продюсері режиссердің өзі болды, ал Astana Film Fund қаржылай қолдау көрсетті.

Фильм сюжеті әзірге құпия ұсталуда. Тек психологиялық драманың Динара есімді қыз туралы, оның өмірлік қағидалары мен күйініштері жайлы баяндайтыны белгілі.

Таспаға Санжар Мәди, Дина Жұмағалиева, Шыңғыс Қапин, Еркен Губашев түсті.

Санжар Мәдидің жеке Instagram парақшасынан
Санжар Мәдидің жеке Instagram парақшасынан

«Кеше ғана заманауи киноның аңызы, Ким Ки Дук мырзаның фильміндегі түсіріліміміз аяқталды. Бұл ұмытылмас тәжірибе болды! Осындай жобада жұмыс істеп көру мүмкіндігі үшін тағдырға ризамын», - деп бөлісті актер Санжар Мәди Инстаграм парақшасында.

«Негізі түсірілім өте қиын болды, бірақ бізде үздік режиссёр мен топ бар ғой», - деп жазды Динара Жұмағалиева Инстаграм парақшасына.

Динара Жұмағалиеваның жеке Instagram парақшасынан
Динара Жұмағалиеваның жеке Instagram парақшасынан

Өндірістік кезең екі аптаға созылды. Картина 10 күннің ішінде Алматыда, дәлірек айтсақ, Медеуде, Шымбұлақ пен Есік көлінде түсірілді.

Айта кету керек, Ким Ки Дук «Көктем, жаз, күз және қыс... тағы да қыс» фильмін жеті күннің ішінде түсірген болатын.

«Дин» фильмі Қазақстан мен ТМД елдері үшін айналымда орыс тілінде ұсынылмақ.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

13 қараша 2018, 00:06

поживем увидим

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер