«Kingsman 3»: тұсаукесері келесі жылдың күзіне белгіленді
Fox-тың «Kingsman» франшизасының үшінші бөлімінің халықаралық айналымға бағытталған шығарылымы 2019 жылдың 9 қарашасына жоспарланды. Мэттью Вон («Икс адамдары: Бірінші сынып», «Пипец») бұл бөлімде сценарист әрі режиссер болып оралады. Fox студиясы жаңа бөлімнің актерлік құрамының тізімін және сюжет желісін әлі жарияламады, бірақ жақында Empire журналына берген сұхбатында Вон үшінші фильмнің «Гарри Харт пен Эггси арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға» бағытталатынын айтты.
«Kingsman» Marvel Comics басылымы үшін жазушы Марк Миллар құрастырған және Дэйв Гиббонс көркемдеген комикстер негізінде түсірілген. «Kingsman: Құпия қызмет» атты бірінші фильм көрермендерге Савил-Роудағы ерлер дүкенінен әрекет ететін тыңшылық ұйымды таныстырған еді.
Сол тыңшылардың біреуі Гарри Харт (Колин Фёрт, «Mamma Mia! 2», «Ғасыр жарысы») кіші қылмыскер Гэри «Эггси» Анвинді (Тэрон Эджертон, «Миллиардерлер клубы», «Эдди «Бүркіт») қанатының астына алып, ұстазы мен тәлімгеріне айналды. «Kingsman: Алтын сақина» басты рөлдердің біріне Джулианна Мурды («Бельканто», «Субурбикон») қосты, ол әлемдегі ең басты есірткі картелінің басшысы болады және америкалық президентті есірткіні заңдастыруға мәжбүрлейді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін