È

«Қара мұнара» кинофантастикасы Қазақстандағы кассалық жинақ бойынша «Жойқын ақсары қызды» басып озды

3-6 тамыз аралығындағы кассалық жинақ

Өткен аптада «Қара мұнара» фильмі кассалық жинақтан жақсы көрсеткіштерге ие болды. Осылайша, алдыңғы қатарда келе жатқан «Жойқын ақсары қызды» артқа қарай ығыстырды. Сонымен қатар, қазақстандықтар Тейлор Шериданның «Желді өзен» детективін жылы қабылдады. Ал «Ұрлау» триллері мен «Леди Макбет» драмасы көрермен назарына онша іліге қоймады. Қос фильм 10 миллион теңгеден төмен касса жинаған. Қазақстандағы кассалық жинақ туралы төмендегі материалдан оқыңыздар.

Отандық киноайналымның рейтингісінде Стивен Кинг романының экрандалған түрі «Қара мұнара» көш бастап тұр. Картина алғашқы аптада 119 571 600 теңге табыс тапқан. Фантастикалық вестерннің режиссері Николай Арсель болды. Оның алдыңғы жұмыстары – «Патшалық роман» мелодрамасы және «Еркектер туралы бар шындық» комедиясы. Кинг өз туындысының экрандау құқығын 19,19 долларға сатқан. Фильм Америкада 19 миллион доллардан астам қаржы жинады.

«Қара мұнара» фильмінен көрініс

Кристофер Ноланның «Дюнкерк» драмасы үш есе аз қаржыға ие болды. Картинаның үшінші аптадағы кассалық жинағы 46 582 500 теңгені құрады. Кинотаспа «One Direction» тобының солисті, әнші Гарри Стайлстың кинодебюті болып табылады. Әртіс Алекс есімді сарбазды сомдады. Бір қызығы, әйелдер тарапынан болған көп назардың әсерінен Стайлс түсірілім алаңына жеке күзетшісімен бірге келіп жүрген. Әскери драма АҚШ-та 17 миллион долларға жуық табыс тапқан.

«Жойқын ақсары қыз» фильмі 41 531 950 теңге көлемінде қаржы жинап, бірінші орыннан үшіншіге түсіп қалды. Актер Эдди Марсан үшін («Тастандылар») жоба Шарлиз Теронмен бірігіп жасаған екінші жұмысы болды. Бұрын екеуі «Хэнкокқа» түскен. Сондай-ақ, Марсан Джеймс МакЭвоймен бірге бір түсірілім алаңында жұмыс істеген, актерлар 2013 жылғы «Балшық» триллерінде ойнаған. Америка көрермені «Жойқын ақсары қызға» 8 миллион доллардан астам қаржы жұмсаған.

«Желді өзен» фильмінен көрініс

«2рас: Аңыз» өмірбаяндық фильмі 25 140 200 теңге пайда тапты. Кинотаспада Тупак Шакурды кіші Деметриус Шипп сомдады. Актер үшін «2рас: Аңыз» - алғашқы толық метрі. Бұрын ол «#unlock'd» телехикаясына түскен болатын. Америкада картина айналымы аяқталды. Әзірге әлем бойынша кассалық жинағы 45 миллион долларға жуық.

«Желді өзен» триллері тұсаукесерлі демалыста 23 680 550 теңге жинады. Фильм - режиссер Тейлор Шериданның «American Frontier trilogy» трилогиясының соңғы бөлімі. Алдыңғы бөлімдері – 2015 жылғы «Қанішерлер» және 2016 жылғы «Кез-келген әдіспен» фильмдері. Таспаның тұсаукесері 70-Канн кинофестивалінде болған, көрермендер көрсетілімнен кейін 8 минут бойы тұрып қол шапалақтады. Таспа шектеулі айналымға шыққан, сондықтан ортақ жинағы әзірге 1 миллион доллардан асқан жоқ.

«Ұрлау» фильмінен көрініс

«Маймылдар аралы: Соғыс» фильмі айналымның төртінші аптасында 19 890 700 теңге жинады. Фантастикалық атыс-шабыс фильмі Америка айналымын айналып өтпек емес. Картина бұл жақта туп-тура 6 миллион доллар жинаған. Кинотаспаның түсірілімі «Жасырынған қамал» шартты атауымен Канадада өткен. Франшизаның алғашқы трейлері Нью-Йорктегі «Comic-Con» фестивалінде көрсетілді.

Айналымдағы жаңалықтар отандық көрерменді қызықтыра қоймады: «Амитивиль қорқынышы. Жандану» бар-жоғы 7 136 500 теңге, ал «Ұрлау» 5 921 550 теңге және «Леди Макбет» 3 097 800 теңге жинаған.

 

* Материалдар Rentrak пен Ticketon.kz жүйелерінің мәліметтері бойынша дайындалды

Қазақстанда Rentrak жүйесіне Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісі қосылған

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер