Баян Есентаева «Баян. Өзім жайлы ғана емес» кітабын 2 миллион теңгеге сатпақшы. Танымал продюсер 13 жасар Әлинұрдың көптен бері армандап жүрген тыңдау аппаратын сатып алу үшін осындай қадамға барып отыр. Қайырылымдылық акциясының идеясы «Жүрекпен тыңдаймын» қорына тиесілі.