È

«Инстаграмшыл қыз» комедиясы экранға асығуда

«Инстаграмшыл қыз» комедиясы экранға асығуда

Жуырда отандық көрермендер «Инстаграмшыл қыз» комедиясын бағалайтын болады. Картина ауқымды айналымға Meloman Entertainment компаниясының таратуымен 2018 жылдың 28 маусымында шығады. авторлар шығудың алдында ресми трейлерімен және постерімен бөлісті.

«Инстаграмшыл қыздағы» оқиға қазіргі күндері орын алады. Айнұр – Инстаграмда танымал заманауи қыз. Оның миллион оқырманы, көптеген жарнамалық келісім-шарты және сүйікті жігіті бар. Айнұрдың өмірі кереметтей көрінеді. Бірақ, күндердің бір күні бойжеткеннің аккаунтын біреулер бұзып алады да, миллион оқырмандары жоғалып кетеді. Айнұрдың көңілі бұзылды, оның бар әлемі бір сағатта талқандалғандай болды.

Комедиялық хикаядағы басты кейіпкерді Анар Батырхан, ал жігітін Қуат Садықов сомдады. Басқа да қызықты кейіпкерлер образында Әбунасыр Серіков, Мақсат Мамраимов, Айым Сейтметова, Ұлболсын Шалқарова, Шәріп Серік, Төлепберген Байсақалов пен Ерболат Төлегенов танылады.

Фильм режиссері сценарист Арыстан Каунев болды, бұл оның дебютті жобасы. Таспа продюсерлері - Дархан Тастанов, Қуат Садықов, Мақсат Мамраимов және Алидар Өтемұратов.

Еске салсақ, фильм түсірілімі Алматыда былтырғы күзде өткен. Түсірілім барысы бір айға созылған.

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса