È

«Қалай да той жасау» комедиясы ғаламторға шықты

«Қалай да той жасау» комедиясы ғаламторға шықты

Режиссерлар Қанағат Мұстафин және Айдын Сахаман көрермендерді қуантып, ғаламторға «Қалай да той жасау» комедиясын жүктеді. Айналымға осы көктемде шыққан отандық жаңа фильмді KANAIDAR Production кинокомпаниясының ресми Youtube-арнасынан көре аласыздар. https://youtu.be/i_bdwBBrZ60

«Қалай да той жасау» - қазақтың әдемі салты «Қыз ұзатуға» арналған жалғыз кинокартина. Хикаяда отбасылық салтанатқа арналған ақшаны жоғалтып алған Мақсаттың оқиғасы баяндалады. Бұл жағдай қарындасының көңілін түсіретінін білетін Мақсат тойды өзі жұмыс істейтін телестудияда өткізуді ұйғарады. Ол үшін оған әріптестерінің көмегі, тапқырлық пен сәттілік қажет.

Фильм жұлдызды актерлік құрамнан тұрады: таспаға Шәріп Серік, Айым Сейтметова, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Азат Сейтметов, Данагүл Темірсұлтанова, Жан Байжанбаев, Ғани Құлжанов, Фархат Әбдірайымов және Ерболат Тоғызақов түсті. Сондай-ақ, эпизодтардан Қайрат Нұртасты, Салтанат Бақаеваны және Айқын Төлепбергенді байқауға болады.

Картина түсірілімі 2017 жылдың қарашасынан желтоқсанға дейін өткен. Телестудия декорациясы Алматы сауда орталығының бірінде құрылды.

«Қалай да той жасау» отбасылық комедиясының тұсауы биылғы жылдың 19 наурызында кесілген болатын.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

11 шілде 2018, 21:24

Прикольно, фильм, как любовь так и исторя о жизни.

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер