È

«Киноны бірге жасайық!» қысқаметражды фильмдер байқауы

«Киноны бірге жасайық!» қысқаметражды фильмдер байқауы

«Астана Моторс» қазақ моторы компаниясы 25 жылдығына орай «Киноны бірге жасайық!» қысқаметражды фильмдер байқауын ұйымдастырып отыр.

«25 «Астана Моторс» байқауы қазан айының басында басталды. Қатысушылар бірінші кезеңде «Астана Моторспен» байланысты хикаялар жазды. Оның ішіндегі 10-ы экрандалатын болды. Екінші кезеңде түсірілім тобы анықталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, топтың барлығы 1 миллион теңге көлеміндегі бюджетпен, теңдей шарттармен жұмыс істеді. Өндірістік жұмыспен режиссер Бақыт Қилыбаев айналысты.

Бір ай бойы махаббат, табыс, достық пен сенім туралы 10 картина түсірілді: «Қымбаттым, босанатын уақыт келді» (режиссері Казарян Рубен, авторы Жұлдыз Оспанова), «Бүгін» (режиссері Айдын Самахан, авторы Мейрам Шманов), «Елік» (режиссері Бейбіт Өнер, авторы Абат Салиев), «Арманға жол» (режиссері Алдияр Байрақымов, авторы Александр Круглов), «Ағамның қалыңдығы» (режиссері Ержан Сыздықов, авторы Алмат Достояров), «Сен жанымдасың» (режиссері Лаура Буембаева, авторы Альфия Байдәулетова), «Ерекше танысу» (режиссері Мүсілім Абдуллаев, авторы Әсел Ерменбаева), «Табыс құпиясы» (режиссері Лаура Буембаева, авторы Әзиза Айдарбекова), «Мен қалай әке болдым» (режиссері Степан Балашов, авторы Татьяна Пфеффер) «Сен кімсің?» (режиссері Ақтан Сүйіншалин, авторы Айжан Итқұлова).

Альманахқа Санжар Мәди, Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай, Дина Тасболатова, Динара Бақтыбаева, Төлепберген Байсақалов, Раушан Ермағамбетова, Еркен Губашев және еліміздің танымал актерлары түсті.

Дауыс беру 19 қарашаға дейін созылады. Жеңімпаздар келесі күні анықталады.

Фильмдерді байқаудың films.astana-motors.kz ресми сайтынан тамашалап, дауыс бере аласыздар.

3 пікір

Пікір қалдыру үшін

Baubek Nogerbek

19 февраля 2018, 02:52

Исправьте пожалуйста ошибку, режиссера фильма "Сегодня" зовут Айдын Сахаман, а не Самахан.

Brod.kz

19 февраля 2018, 11:37

Добрый день, Baubek Nogerbek! Данные по участникам мы брали с сайта конкурса. Возможно, там была допущена ошибка в фамилии. На Brod.kz ошибка исправлена. Благодарим за внимание!

Baubek Nogerbek

20 февраля 2018, 02:22

Благодарю за оперативный отклик! Опечатку исправили, только пока не везде )

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер