Қысқа әрі күлкілі метр
2 шілдеде Иллюзион Атриум кинотеатрында «Comedy shorts» қысқаметражды фильмдердің жинағы көрсетіледі. Іс-шара «Киномания» жобасы аясында өтеді.
Осы жылы көрермен назарына әлемнің әр елінен жиналған ең күлкілі деген 8 фильм ұсынылады. Бұл махаббат, секс, отбасы, достық, жеңіс туралы картиналар.

«Больше, чем Бог» (АҚШ, 2015). Басты кейіпкерлер - тақуа жұбайлар. Бірде күйеуі қызық хабарлама жазылған хат тауып алады. Кейіпкепрлер қандай оқиғаға тап болатынын көрермен фильм барысында біледі.

«Пункт помощи» (Ұлыбритания, 2013). Кейіпкерлер әуежайдың тұрақжайында кездеседі. Тіл қатысқаннан кейін жастар бір-біріне жақындай түседі, осы кезде үшінші адам пайда болады.
_taxs.jpg)
«Первый сеанс» (Франция, 2015). Иван қыздың алдында шешінген сайын қатты ұялады. ол осы мәселемен күресу үшін атақты психоаналитик Франсуа Ле Блануға барады! Алайда Иванды тосынсый күтіп тұр, ол жолы болғыш. харизмалы жігіт болам деп ойлаған болатын...

«БэбиФон» (Франция, 2014). Болашақ кіндік әкелер кіндік қыздарыныің жақсы қасиеттерін айта бастайды. Дәл осы кезде олар бэбифонның қосылып тұрғанын байқамайды.

«Очень серьезная птица» (Италия, 2013). Маттео қызу болып оянады, оның бетінде ыстық сүйістің белгілері. Күні кеше не болғаны оның есінде жоқ. Ол бірнеше секундтан кейін өзіне өзі келіп, есін жинайды, сол кезде оған сүйіктісінің келе жатқаны есіне түседі.

«Ванна» (Австрия, 2015). Үш еркек көбік толтырылған ваннаға түседі. Мақсаттары суретке түсу болатын, бірақ аяқ астынан олардың бірі бала кезін еске түсіргісі келіп кетеді...

«Некоторые любят притворяться» (Франция, 2014). Махаббаттың әдемі оқиғасы, бұл оқиғаны қыз әсірелеп әңгімелейді. Несі бар, кім де болса қарапайым күнді жарқын еткісі келеді емес пе...

«Лучшее из двух миров» (АҚШ, 2012). Чарли сұлу Мишельмен танысады. Жас жігіт өзінің өмірлік серігін кездестіргеніне сенімді. Бірақ жақынырақ танысқан сайын Мишель өзгере бастайды.
Көрсетілім 2 шілдеде сағат 19:00-де. Кіру ақылы.
Әйгерім Қасқыр






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін