«Асан» қысқа метрі Қазанда өтетін Х Халықаралық жастар кинофестивалінде көрсетіледі

Берік Жахановтың «Асан» қысқаметражды драмасы Қазанда өтетін Х Халықаралық жастар кинофестивалінде көрсетілетін болды. Кинокөрсетілім Қазан Халықаралық мұсылман киносы фестивалінің аясында 4-6 қыркүйек аралығында өтеді.
«Асан» картинасы әкесін жерлеуге бара жатқан бала туралы баяндайды. Кейіпкер ұзақ уақыт бойы әкесін көрмеген еді, сондықтан ол бір түрлі сезімде болады.
«Қазақфильм» базасында түсірілген отандық фильм ойнамалы киноның байқау бағдарламасына енді. «Ойнамалы кино», «Деректі кино» және «Бейнеролик» бөлімдеріндегі үздік аталымда түрлі елден келген 30 фильм бақ сынайды.
_sg94.jpg)
Қазандағы Халықаралық жастар кинофестивалі 2009 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Байқаудың басты мақсаты – түрлі ел жастарының арасында кинематографияны дамыту және киносүйер қауымның пікір алмасуына әрі кәсіби дамуына жағдай жасау.
Берік Жахановтың алдыңғы «Еркек» қысқа метрі «Кино-клик» ХКФ-де Бас жүлдеге, «Қырғызстан – қысқаметражды фильмдер елі» фестивалінде «Үздік режиссура» жүлдесін және Baikonyr Short Film Fest-те «Үздік актер» аталымын иеленген болатын.
Еске сала кетсек, «Асан» картинасы алдыңғы жолы 71-ші Халықаралық Канн кинофестивалінде Short Film Corner-ге ұсынылған болатын.
.jpg)








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін