È

Қазақстандық фильмдер XIV Қазан кинофестивалінде көрсетіледі

Қазақстандық фильмдер XIV Қазан кинофестивалінде көрсетіледі

5 қыркүйек күні XIV Халықаралық Қазан мұсылман кинофестивалі басталады. Байқау бағдарламасында Қазақстанды екі картина: толықметражды ойнамалы фильмдер бөлімінде Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» және қысқаметражды деректі кино бөлімінде Жайық Белқожаевтің «Мен оралдым» таспасы таныстырады. Фестиваль Татарстанның Қазан қаласында өтеді.

Биылғы жылы бас жүлдеге қазақстандық фильмдерді қосқанда, Ресей, Бангладеш, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, АҚШ, Түркия, Өзбекстан және Франция елдерінен 65 картина таласады. Байқаудан тыс бағдарлама қатысушылары келесі бөлімдерде таныстырылады: «Ресей – Ислам әлемі», «Мәдениет диалогы», «Балалық шақтың кино әлемі» және «Киносынама». Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, қатысуға рекордты өтініш келіп түскен: 56 елден 967 өтініш.

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінен көрініс
«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінен көрініс

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» картинасы бірінші рет халықаралық кинокөрсетілімге қатысып отырған жоқ. Бұрын фильм Канн мен в Карловы Вары ХКФ-не қатысқан болатын. «Мен оралдым» қысқаметражды таспасы XIV Халықаралық «Бірге жеңдік» Севастополь фестиваліне қатысып, «Үздік режиссура үшін» жүлдеге ие болған. Сондай-ақ, картина Baikonyr Short Film Festival-да «Үздік деректі фильм» аталымында жеңіске жеткен.

Еске салсақ, 2017 жылы фестиваль байқауына Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмі және Берік Жахановтың «Еркек» қысқа метрі енген болатын. «Толықметражды ойнамалы киноның үздік актері» аталымын Дулыға Ақмолда жеңіп алды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер