È

Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінің көрсетілімі Канн фестивалінде өтеді

Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінің көрсетілімі Канн фестивалінде өтеді

Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінің әлемдік көрсетілімі Канн фестивалінде өтеді. Картина 71-ші Канн фестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасының қатысушысы атанды.

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» таспасы (жұмыс атауы «11-ықшам аудандағы атыс») – Әділхан Ержановтың 2017 жылы түсірілген толықметражды жобасы. Фильмнің кейіпкерлері – жастардың және ғашықтардың бойындағы барлық құндылықтарды жоятын қаланың қатал заңдарына қарсы тұрушы Қуандық пен Салтанат.

Таспаға актриса Динара Бақтыбаева түсті.

Еске сала кетейік, Әділхан Ержанов Канн кинофестивалінде осыған дейін де өзінің жұмысын ұсынған болатын. 2014 жылы оның «Қожайындар» фильмі «Арнайы көрсетілім» аясында ұсынылған болатын.

«Ерекше көзқарас» - 1978 жылы құрылған, Канн фестиваліндегі ресми алты бөлімнің бірі. Дәрежен Өмірбаевтың «Студент», «Киллер» және «Жол» фильмдері әр жылдары бағдарламаға қатысқан еді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер