È

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» Карловы Варыдағы ХКФ-ге қатысады

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» Карловы Варыдағы ХКФ-ге қатысады

Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмі Чехиядағы 53-ші Карловы Вары Халықаралық кинофестивальдің қатысушысы атанды. Картина «Өзгеше көзқарас» бағдарламасына енді, бұл бағдарламада отандық таспадан бөлек, Германия, Египет, Иран, Қытай, Польша, Украина, Франция, Швеция және Оңтүстік Корея елдерінен келген 28 киножұмыс таныстырылды. Фестиваль чех режиссері, «Оскар» жүлдесінің екі дүркін иегері Милош Форманды еске алу құрметіне орай 29 маусым мен 7 шілде аралығында өткізіледі.

Карловы Вары Халықаралық кинофестивалі «А» санатындағы фестивальдерге жатады. Ол 1946 жылдан бері өткізіліп келеді және жыл сайын бүкіл әлемнің 200-ге жуық фильмдерін көрсетеді. Байқау және байқаудан тыс бағдарламалары мынадай бөлімдерден тұрады: негізгі байқау, «Шығыстан Батысқа қарай», деректі фильмдер байқауы, «Өзгеше көзқарас», «Өткен кездерден», «Чех фильмдері» және т.б. Кинокөрсетілімнің негізгі жүлделері – үздік көркем фильм үшін «Хрусталь глобус», «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» және «Үздік режиссер», «Үздік әйел рөлі» мен «Үздік ер адам рөлі» аталымындағы жүлделер.

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінен көрініс
«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінен көрініс

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» картинасы жас жұп Салтанат (Динара Бақтыбаева) пен Қуандық (Қуандық Дүйсембаев) жайлы баяндайды. Жағдайға байланысты, бойжеткен ауылдағы тыныш өмірін адамдардың уәдесі бағаланбайтын мегаполисте өткізуге мәжбүр болады. Қуандық тағдырдың түрлі соққысына қарамастан, сүйіктісін барынша қорғауға тырысады. Бұл шынайы әрі таза махаббат жайлы хикая.

Еске сала кетсек, фильмнің әлемдік тұсаукесері 71-ші Канн кинофестивалінде өткен болатын. Таспа «Ерекше көзқарас» бөлімінде таныстырылып, халықаралық сыншылар тарапынан жақсы пікірлерге ие болды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер