È

Желіге Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінің трейлері шықты

Желіге Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінің трейлері шықты

Желіде Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінің трейлері пайда болды. Фильмнің әлемдік тұсаукесері 17 мамырда Каннда болды. Картина 71-ші Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасына енді.

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» картинасының кейіпкерлері – ғашықтар Салтанат (Динара Бақтыбаева) пен Қуандық (Қуандық Дүйсембаев). Жұп жағдайға байланысты ауылды тастап, қалаға кетуге мәжбүр болады. Олар үшін қаладағы өмір нағыз сынаққа айналады: қала екеуінің бар құндылығын құртуға, тіпті махаббаттарын бұзуға тырысады.

Кинотаспа түсірілімі 2017 жылы жазда өткен. Жоба уақытша «11-ықшам аудандағы атыс» деп аталған еді. Картина Short Brothers-пен Astana film fund компаниясымен өндірілді.

Айта кету керек, «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінің түсірілім тобы кинофестивальдің ашылуына қатысқан және әлі де Каннда жүр.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер