È

«Үнсіздікті жерлеу» қысқа метрі «Қысқа» ХКФ-де көрсетіледі

«Үнсіздікті жерлеу» қысқа метрі «Қысқа» ХКФ-де көрсетіледі

Алма Баймұратованың «Үнсіздікті жерлеу» («Bury the silence») қысқаметражды фильмі Халықаралық «Қысқа» кинофестивалінің қатысушысы атанды. Қазақстандық картина байқаудан тыс бағдарлама аясында көрсетіледі. Фестиваль Ресейдің Калининград қаласында 2018 жылдың 17 тамызында басталады.

«Үнсіздікті жерлеу» драмасында Кэрол мен анасы суреттеледі. Дүкенге барар жолда қыздың анасы аяғын сындырып алады. Үйге келген соң, әйел қызынан өліп қалған итін жерлеуге көмектесуін сұрайды. Кэрол жануармен қоштасу сәтінде басқа бір нәрсені көму керектігін түсінеді.

«Үнсіздікті жерлеу» фильмінен көрініс
«Үнсіздікті жерлеу» фильмінен көрініс

Айта кету керек, 2017 жылы фильм Канн кинофестивалінің жыл сайынғы Short Film Corner алаңқайына және Канададағы Toronto International Nollywood Film Festival бағдарламасына қатысқан болатын.

«Қысқа» Халықаралық фестивалі ресейлік киноға бағытталып, 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқау бағдарламасына тек ресейлік қоюшылардың жұмысы ғана қатысады, ал байқаудан тыс бағдарламада әлемнің 30 елінен келген қысқаметражды үздік фильмдер көрсетіледі.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер