È

«Жасырынбақ» қысқа метрі дыбыс режиссерларының «Inтоннации» фестивалінде көзге түсті

«Жасырынбақ» қысқа метрі дыбыс режиссерларының «Inтоннации» фестивалінде көзге түсті

«Жасырынбақ» қысқа метрі Санкт-Петербургте өткен дыбыс режиссерларының V халықаралық «Inтоннации» байқау-фестивалінде көзге түсті. Григорий Франк атындағы «Даралығы үшін» арнайы жүлдесі отандық дыбыс режиссері Қойшин Қанайға табысталды.

«Жасырынбақ» картинасы – «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық өндірістік бірлестігінің қолдауымен түсірілген режиссер Венера Қайыржанованың қысқаметражды драмасы. Фильм сюжеті шындықтан қашқан екі қыз жайлы баяндайды. Олар ересектердің қатал өміріне қорқынышпен қарайды.

Айта кетейік, фильм 71-ші Канн фестивалінің Short Film Corner алаңының қатысушысы атанды.

«Inтоннации» - дыбыс режиссерларының студенттік жұмыстары арасында өткізілетін байқау. Ол 2014 жылдан бері Санкт-Петербург мемлекеттік кино және телевидение институтымен өткізіліп келеді. Қатысушылар жыл сайын төмендегі аталымдар бойынша сайықа түседі: «Ойнамалы фильмдегі дыбыс режиссерінің үздік жұмысы», «Дыбыс режиссерінің ойнамалы емес фильмдегі үздік жұмысы», «Анимациялық фильмдегі дыбыс режиссерінің үздік жұмысы», «Үздік дебют» және Григорий Франк атындағы арнайы «Даралығы үшін» жүлдесі және Борис Андреев атындағы «Бейнелілігі үшін» жүлдесі, «Көрермен көзайымы» мен «Гран-при».

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер