«Шыңырау» қысқа метрі Alemlere Rahmet фестивалінде жүлделі орынға ие болды
«Шыңырау» қазақстандық қысқаметражды фильмі Түркияның Стамбул қаласында өткен Alemlere Rahmet фестивалінде ерекше көзге түсті. Режиссер Рахымжан Қалдыкөздің кинотаспасы құрметті екінші орынға жайғасты.
«Шыңырау» картинасы балалы болуды армандайтын жас жұп жайлы баяндайды. Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін арман Ахмет пен Райхан үшін қол жетпестей көрінеді.
Картинаға Жанбол Файзиев, Перизат Мәденова және Жұмабеков Қалдыкөз түсті.
Айта кету керек, «Шыңырау» фильмі II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінің «Үздік актриса» номинациясының жүлдегері атанған және ZHAIK Film Fest – 2017 фестивалінде «Үздік режиссер» номинациясында жеңіске жеткен.
.jpeg)
Alemlere Rahmet – 2014 жылы Siyer қоры ұйымдастырған Халықаралық қысқаметражды фильмдер байқауы. Фестиваль әлемдегі бейбітшілік пен Түркиядағы халықтар достастығына арналған. Биылғы жылы негізгі байқауға 15 картина енді. Барлығы 343 жұмыс қатысуға өтініш білдірген.
Бірінші орынды түрік режиссері Эркан Селим Онгестің «12 сағат» фильмі иеленді. Ал үшінші орынға Қырғызстаннан Салтанат Зарнаеваның «Үй» картинасы жайғасты.
.jpg)







1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Maxim Bogomolov
24 февраля 2018, 16:30Молодцы!