«Сен жанымдасың» қысқа метрі «Киноны бірге жасайық» байқауында 1,5 млн. теңге ұтып алды
Өткен демалыста «Астана Моторс» моторлы компаниясы өткізген «Киноны бірге жасайық» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды.
Көрермендердің дауыс беру нәтижесінен соң бірінші орынға режиссер Лаура Буембаеваның және автор Альфия Байдәулетованың «Сен жанымдасың» картинасы ие болды, екінші орынды режиссер Алдияр Байрақымовтың және автор Александа Кругловтың «Арманға жол» фильмі иеленсе, үшінші орынға режиссер Рубен Казарян мен автор Жұлдыз Оспанованың «Қымбатым, босанатын уақыт келді» таспасы ие болды.
Байқауға қатысушылардың жұмыстарын Гүлнар Әбікеева, Ғалия Байжанова, Кәрім Қадырбаев, Инна Смаилова, Дмитрий Мостовой және Төлеген Байтөкенов сынды еліміздің белгілі киносыншылары бағалады. Сарапшылардың шешімі бойынша, бірінші орынды режиссер Мүсілім Абдуллаевтың және автор Әсел Ерменбаеваның «Ерекше танысу» картинасы иеленді. Екінші орынға қайтадан «Арманға жол» картинасы, ал үшіншісіне «Қымбаттым, босанатын уақыт келді» фильмі ие болды.
Фото: forbes.kz
«Тобымызбен жеңімпаз боламыз деп ойлаған жоқпыз. Түсірілім тобына және бізді қолдағандарға, осындай мүмкіндікті сыйлап отырған «Астана Моторс» компаниясына алғыс айтамыз. «Ерекше танысу» - менің алғашқы киножұмысым. Алғашқы туындымыздың киносыншылардың жоғары бағасына ие болғанына қуаныштымыз. Режиссурамен нақты түрде айналысуды жоспарлап жүрмін»,-деп алғысын білдірді дебютант режиссер Мүсілім Абдуллаев.
Байқау жеңімпаздары естелік дипломыдарын ғана емес, 700 000 теңгеден бастап, 1 500 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтарға ие болды. Байқауға шынайы оқиғаларға негізделген 10 фильм қатысты.
«Астана Моторс» Қазақ моторлы компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов барлық қатысушы фильмдердің жақын арада кинотеатрлар мен республикалық телеарналардан көрсетілетінін айтып өтті.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін