È

«Байқоңырдың» қысқаметражды кинолары «ЕлАрна» телеарнасынан көрсетіледі

«Байқоңырдың» қысқаметражды кинолары «ЕлАрна» телеарнасынан көрсетіледі

II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінің серіктесі «ЕлАрна» телеарнасы қатысушылардың филмьдеріне телеэфир арқылы көрсетпек. Қысқа метрлер көпшілікке сейсенбі күні ұсынылады.

Тек кинофестивальдің жеңімпаздары ғана емес, сонымен қатар «ЕлАрна» телеарнасының шығармашылық ұжымына қызықты болып көрінген жұмыстар танымал бола алады.

«Телеарна тек киноны жақсы көрушілерге ғана емес, сондай-ақ осы салаға қатысы бар адамдар үшін арналған. Жас режиссерлардың жұмысы телеарналар эфирінен ұсынылмайды. Ал біз қысқа метр көрсете отырып, жастарды ғана қолдап қоймай, отандастарымызға өзіміздің қазақстандық киноларымызды ұсынамыз. Осы мақсатпен арнайы эфир күнін – сейсенбі, студенттік күнді белгіледік. Фильмді көрсетердің алдында жас режиссер мен оның жұмысы туралы баяндалатын таныстыру сюжетін жасауды жсопарлап отырмыз»,-деді «ЕлАрна» телеарнасының шеф-редакторы Кәмила Камназарова.

«Саз махаббат» қысқаметражды фильмінен көрініс

Сонымен қатар, Кәмила Камназарова картинаны қатаң талаппен таңдамайтынын айтты. Туындылар тек Қазақстан заңына қайшы келмесе болды.

Еске сала кетсек, II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен өткізіледі.

Кинофестиваль 15-16 қыркүйек күндері «Көк-Төбе» (шатыр) саябағында болады. Шара аясында байқау бағдарламасында 35 жұмыс әрі байқаудан тыс бағдарламада 3 картина көрсетіледі. Сонымен қатар, «48 сағатта түсірілді» байқауының үздік 10 картинасы ұсынылады, Қарлығаш Мұхамеджанова және Оразхан Жақып пен кездесу өтеді және «Қазақстандағы тұсаукесер» бағдарламасы таныстырылады. Бағдарламамен толығырақ мына жерден біле аласыздар. Фестивальге кіру тегін.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер