«Құнанбай» Татарстанда көрсетіледі
5 қыркүйекте Мұсылман киносының XII Қазан халықаралық фестивалі басталады, оған қазақстандық фильм «Құнанбай» қатысады. Кинолента «Қазақфильм» киностудиясының өнімі - халық әртісі Досқан Жолжақсыновтың 2015 жылы шыққан жұмысы.
Биографиялық фильм ұлы ойшыл Абайдың әкесі, атақты болыс Құнанбай Өскенбайұлы жайлы.
Фильмне Досқан Жолжақсынов, Нұрсифат Салықова, Әліби Сырайлы, Айдос Бектеміров, Майра Омар және Қарагөз Сүлеймен қатысты.
_q6bd.jpg)
Мұсылман киносының Казан халықаралық фестивалі 2005 жылдан бері Татарстанның Қазан қаласында өткізіледі. Фестивальдің мақсаты - кино арқылы түрлі халықтардың мәдениетін көрсету, ұлтаралық диалог қалыптастыру.
Биыл кинофестивальға қатысуға әлемнің 50 елінен өтініш түсіпті. Алайда байқау бағдарламасына 33 елден 60 жұмыс енген. Қазақстанмен бірге жүлдеден үмітті Араб әмірліктері, Қытай, Иран, Қырғызстан, Малайзия, Ресей және Сербия.
XII ХКФМК жабылуы және жеңімпаздарды жариялауы 7 қыркүйекте.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін