È

Құралай Анарбекова: «Біз «Аға ма әлде неке ме 2» фильмін түсіреміз деп ойлаған жоқпыз»

Құралай Анарбекова: «Біз «Аға ма әлде неке ме 2» фильмін түсіреміз деп ойлаған жоқпыз»

Алматыда «Аға ма әлде неке ме 2» фильмінің түсірілімі қызу жүріп жатыр. Жобаның бас продюсері қайтадан актриса Құралай Анарбекова болды. Оның айтуынша, Corich Group кинокомпаниясы 2017 жылдың күзінде жарыққа шыққан «Аға ма әлде неке ме» комедиясының жалғасын түсіруді жоспарламаған.

«Аға ма әлде неке ме» фильмінің бірінші бөлімінен кейін біз жалғасын түсіреміз деп ойламадық. Біз мүлдем басқа жобаға, банк тонауға қатысты фильмге дайындалып жатқан едік. Бірақ, кино саласындағы адамдармен әңгімелесіп, көрермендердің арасында сауалнама жүргізгеннен кейін, екінші бөлімін түсірудің қажеттілігін сезіндік. Тонауға қатысты жобамыз да болады. Оған «Аға ма әлде неке ме 2» картинасының түсірілімінен кейін кірісеміз», - деп түсіндірді Құралай Анарбекова.

«Аға ма әлде неке ме» фильмінен көрініс
«Аға ма әлде неке ме» фильмінен көрініс

Еске сала кетсек, «Аға ма әлде неке ме» фильмі Гаухармен (Құралай Анарбекова) кездесіп жүрген Айдар (Дәурен Серғазин) жайлы баяндайды. Қарым-қатынастың жаңа деңгейіне өтудің алдында бойжеткен Айдарды туған бес ағасымен таныстырады. Бірақ, туыстары қарындастарының жаңа жігітін аса жақтыра қоймайды.

Сиквел жұмысы Әлішер Утев ұсынған идеядан басталды. Ол сценарий жазып, режиссерлік орынға ие болды. Актерлік құрам аса өзгере қойған жоқ. Танымал кейіпкерлер – ағалардың рөлін сомдайтын Әбунасыр Серіков, Мұрат Бисенбин, Бауыржан Қаптағай мен Олжас Абайдан бөлек, көрермендер фильмнен жаңа кейіпкерлерді көре алады.

«Аға ма әлде неке ме 2» түсірілімінен көрініс
«Аға ма әлде неке ме 2» түсірілімінен көрініс

Жаңа бөлімде Құралай Анарбекованың кейіпкерін де біраз өзгеріс күтуде. Гаухар қызықты жағдайда болады.

«Мен үшін Гаухардың өміріндегі сол кезеңді ойнау өте әсерлі. Өзім аналық сезімді бастан өтермеген соң, «ішпен» жүру біраз ыңғайсыздау екен. Экраннан барлығының шынайы көрінуі үшін мен аяғы ауыр қыздардың қатысуындағы роликтерді зерттедім. Тіпті, тобымызбен бірге менің толғағым бастағанын айтып, белгісіз адамдарды алдадық», - деп қоса кетті Құралай Анарбекова.

Отандық картинаның түсірілімі тамыздың соңында аяқталады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер