È

«Тұлпар» ұлттық киножүлдесінің лауреаттары

«Тұлпар» ұлттық киножүлдесінің лауреаттары

Almaty film festival кинофестивалінің жабылу барысында «Тұлпар» ұлттық киножүлдесінің лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті. Кештің үздігі «Оралман» фильмі атанды, ол бірден алты жүлдеге ие болды.

Финалда 8 номинацияға отандық 6 фильм ұсынылды: Олжас Ахметовтың «Бөлінбейтін» таспасы, Сәбит Құрманбековтың «Оралманы», Абдель Фифтибаевтың «Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» фильмі, Бегарыс Елубаевтың «Оазис» картинасы, Ақан Сатаевтың «Она» фильмі және Серікбол Өтепбергеновтың «Алтыншы бекет» картинасы.

Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмінен көрініс
Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмінен көрініс

«Оралман» кинотаспасы алты номинация бойынша жеңіске жетті: «Үздік фильм», «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік актер» (Дулыға Ақмолда), «Үздік сценарий» (Сәбит Құрманбеков, Нұрлан Санжар), «Қоюшы-суретшінің үздік жұмысы» (Рустам Одинаев) және «Үздік композитор» (Айдос Сағатов).

Қалған екі номинацияда «Она» картинасы көзге түсті. Айсұлу Әзімбаева «Үздік актриса» жүлдесін иеленсе, Азамат Дулатовқа «Үздік операторлық жұмыс» жүлдесі табысталды.

Ақан Сатаевтың «Она» фильмінен көрініс
Ақан Сатаевтың «Она» фильмінен көрініс

Еске салсақ, «Тұлпар» киножүлдесі Кинематографиялық өнер мен ғылым Ұлттық академиясымен 2016 жылы бекітілген, мақсаты - Қазақстан кинематографиясын қолдау және дамыту. Лауреаттар академия мүшелерінің арасында өткізілетін құпия дауыс беру нәтижесінде анықталады.

Алдыңғы жылдары жүлдеге режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов, актриса Алтынай Нөгербек, қоюшы-оператор Хасан Қыдырәлиев, композитор Әлім Заиров сынды еліміздің көптеген киноқайраткерлері марапатталған болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер